CӨЖ: Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидалары

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидалары
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау белгілі бір температурада жүзеге асырылады:
      терең салқындату -150С-тан төмен;
       тоңазытқышта +20С-ден +80С-қа дейін;
       салқын жерде +80С-тан +150С-қа дейін;
       бөлме температурасында +150С-тан +250С-қа дейін.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау:
       1) Кодекстің 231-бабына сәйкес дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатта, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта, олардың қаптамаларының таңбалануында көрсетілген пайдалану құжаттарында өндіруші белгілеген шарттарға сәйкес олардың бүкіл жарамдылық мерзімі ішінде қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін;
       2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады;
       3) медициналық бұйым қалыпты пайдалану жағдайларында туындауы мүмкін әсерлерге ұшыраған және техникалық қызмет көрсету қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізілген жағдайда медициналық бұйымның пайдалану сипаттамалары мен тиімділігі өндіруші айқындаған пайдалану мерзімі ішінде пайдаланушылардың және үшінші адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін дәрежеге дейін өзгертілмейді.
       Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар оларға қандай да бір әсер етуге жол бермеу үшін басқа өнімнен бөлек сақталады, жарықтың, температураның, ылғалдың әсерінен қорғалады.
       Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауды жүзеге асыратын объектілерде денсаулық сақтау субъектісінің басшысы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сапасының сақталуын қамтамасыз етуге жауапты адамды тағайындайды.
       Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау процесінде жауапты тұлғамен айына бір реттен сиретпей дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қаптамасының (ыдысының) жағдайын және олардың сыртқы өзгерістерін көзбен қөру арқылы сапасын бақылау жүзеге асырылады.
       Дәрілік заттар менмедициналық бұйымдарды сақтауды жүзеге асыратын субъектілер қағаз және электрондық жеткізгіштерде жарамдылық мерзімдерін есепке алуды жүргізеді.
       Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау:
       медициналық-санитариялық алғашқы және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана, дәріхана пунктінің, жылжымалы дәріхана пунктінің, оптика, медициналық бұйымдар дүкендерінің;
       медициналық ұйымның – бөлімшелері, кабинеттері мен мейіргер посттарында;
       дәріхана қоймасының, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасының, медициналық бұйымдар қоймасының, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымның сақтау үй-жайларында (аймақтарында) жүзеге асырылады.
       Барлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар оларға әртүрлі сыртқы орта факторлары әсерінің физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты мыналарға:
       1) жарық әсерінен қорғауды талап ететін;
       2) ылғал әсерінен қорғауды талап ететін;
       3) буланып ұшудан қорғауды талап ететін;
       4) жоғары температураның әсерінен қорғауды талап ететін;
       5) төмен температурадан қорғауды талап ететін;
       6) қоршаған ортадағы газдардың әсерінен қорғауды талап ететін;
       7) иісі бар, бояғыш;
       8) өрт қаупі және жарылу қаупі бар болып бөлінеді.
Ctrl
Enter
Заметили ошЫбку
Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter

Написать комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.