Презентация: Эпистемология

ЖОСПАР:
Танымның субьект мен обьекті;
Танымның мүмкіндіктері мен көкжиегі;
Субъект Және Объект (лат. subjectum – бастауыш және objektum – пән, нысан.) – философиялық категориялар. Субъект және объект алғашында заттың қасиетін, күйін, әрекетін білдіретін субстанция түсінігімен мәндес ұғым болды. Философия тарихында Субъект және объект ұғымының мағынасы түбегейлі өзгеріп, онтологиялық ауқымнан шығып, гносеологиялық мәнге ауысты. Антикалық және ортағасырлық дәуірлерде субъект және объект “субъект – предикат” категориялық жұбы ретінде қолданылса, жаңа дәуірде субъект және объект “субъект – объект” гносеологиялық категориялық жұбы аясында қарастырылып, “субъект” – танушы сана ретінде, “объект” – танылуға тиісті болмыс ретінде ұғынылды.
Қазір субъект танымдық, гносеологиялық мәні бар, санаға, ерік-жігерге, танымдық белсенділікке ие жеке тұлға немесе әлеуметік топтың атауы. Оның танымдық немесе басқа белсенді әрекеті бағытталған нысан – объект болады. Таным теориясын осы екі ұғымның қарама-қайшылығы арқылы алғаш негіздеген Декарт болды. И.Кант субъект және объектінің ұғымдық ауқымын кеңейтіп, ішкі ұйымдасу заңдылықтарының жүйесін айқындады. Гегель субъест және объектінің гносеологиялық, онтологиялық өлшемдерін үйлестіріп, тарихи сипат дарытты. Гегель бойынша шын мәніндегі субъект және объект – өзін танымның субъектісі, сонымен қатар объектісі ретінде көрсететін – абсолют болып табылады. Объект онтологиялық мәнде болмыстық белсенділіктің орталығы болса, гносеологиялық мәнде субъектінің белсенділігі бағытталған нысаны.
Танымның мүмкіндіктері мен көкжиегі
Философиялық ағымдардың қайсысы болмасын алдыңғы үлкен сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақ философияның үлкен тарауларының бірі – гносеологияның өзегін құрайды (gnosіs – грек сөзі, -тану-білу, logos – ілім).
Дүниені танып, игеріп, оны білу үшін адамдардың қарапайым өзіндік тәжірибесі, сонымен қатар ол тәрбиеленген мәдени-әлеуметтік ортаның ерекшеліктері де маңызды роль атқарады. Дегенмен, дүниенің терең байланыстары мен тұрақты қасиеттерінің қыры мен сырын білу үшін адамның қарапайым танымының аясы тар, мүмкіндігі мардымсыз болады. Сондықтан, адам арнайы ғылыми, кәсіби білім алуға ұмтылады, яғни танымның ғылыми деңгейіне көтерілуге тырысады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады. 
Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз.
Ctrl
Enter
Заметили ошЫбку
Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter

Написать комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.