Презентация: Онтология болмыс туралы ілім ретінде
Жоспар:
1.Онтология болмыс туралы ілім ретінде.
2.Болмыс және бейболмыс;
3.Болмыстың түрлері.
4.Платон мен Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері.
Онтология болмыс туралы ілім ретінде
Философия өз негізінде үш мәселені қамтыды. Олар: Онтология (тіршілік, тұрмыстық жағдай), гносеология (таным туралы ілім), логика (ойлау жүйесі туралы ілім)
Онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос – ілім, яғни болмыс туралы ілім болып табылады.
Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер, ойлар және анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс – кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «тіршілік ету» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», «өмір сүру» терминдеріне сәйкес келеді.
Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.
Болмыс– бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнін білдіретін философиялық категория. . Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы.Болмысқа дүниеде өмір сүретіннің бәрі : материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де , қатынастар мен байланыстар да, яғни осының барлығы болмысқа жатады.
Бейболмыс (небытие – болмыссыздық, болымсыздық) – болмыстың қарама-қарсы ұғымы. Егер болмыс бар нәрсенің бәрі болса, бейболмыс – бұл жоқ нәрсенің (жоқтың) бәрі, бірдеңенің толық жоқтығы (полное отсутствие чего-либо). Бірақ бейболмыс та болмыспен бірлікте және ол сияқты реалдылы (шын). Қоршаған дүниенің, әлемнің нәрселері, құбылыстары болмыста да, сондай-ақ бейболмыста да болуы мүмкін. Бейболмысқа әлі ұрықтанбаған, тумаған адамдар, жасалмаған нәрселер және т.с.с., сонымен бірге бұрын болған, ал қазір жоқ бейболмыстағы адамдар, заттар, қалалар, қоғамдар, өркениеттер, мемлекеттер, т.б. жатады.
1.Заттар (денелер), процестер болмысы:
А) бірінші табиғат;
Б) екінші табиғат.
2.Адам болмысы:
А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;
Б) адамның өзіндік болмысы.
3.Рухани болмыс:
А) жеке адамның рухани болмысы;
Б) қоғамның рухани болмысы.
4.Әлеуметтік болмыс:
А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы;
Б) қоғам болмысы.
Платонның философиясындағы болмыс мәселелері:
Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әртүрлі міндет атқарады:
1. Себептілік.
2. Заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі.
3. Заттардың_түпнегіз бейнелейтін үғымы.
Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдоста (идеялар) мәңгі, өзгермейді, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым –“хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін, өзіне өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Оны денелі немесе денесіз деп айтуға болмайды. Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол – бейболмыстың бір түрі. Осыған қарамастан, материя – көп түрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея (эйдостар) арқылы келмейді.

Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері
Өзінің ілімін Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды да, оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысады. Осы тұрғыдан мән категориясы – мәнділікті түсінудің кілті. Ол өзіне дейінгі ойшылдарға үқсап мәнді материалдық зат (от, жер, су, ауа, атом) ретінде де, идея ретінде де қарастырмайды, оны өзіне тән әртүрлі көріністеріне байланысты тануга болады дейді. Мәннің көріністері:
1) түпнегіз, субстрат;
2) болмыстың мәні;
3) болмыстың мәні мен түпнегізден тұратындар;
4) жалпыға бірдей әмбебап жалпылық; 5) жалпылық; 6) ерекшелік.
Мәннің бұл аталған көріністерінің ішінде біреуі ғана – “болмыстың мәні” мәнділік болады, ал қалғандары мәнділік бола алмайды. “Болмыстың мәні”, түр (форма), “алғашқы мән” синоним ұғымдар. Аристотельдің пікірінше, форма – кез келген жалпы бастама емес, жәй жалпылық қана, осы тұрғыдан алғанда, ол жалқылар мен жалпылар арасындағы ерекшеліктердің арқасында өмір сүреді. Форма сапа да, сан да заттар арасындағы қатынастар да емес, ол – заттардың мәні, онсыз заттар өмір сүре алмайды. Сезімдік заттар көлемінде, оның мәні ретінде форма (түр) заттардан бөлек өмір сүрмейді. Қаншама ерекшеленген (топталған) заттар болса, соншама форма. Формалардың сатысымен көтеріле отырып, форманың ең жоғары түрі — материядан тыс өмір сүретін алғашқы қозғаушы күшке дейін жетеміз. Ондай форманы ешкім дүниеге әкелмейді, ол мәңгі. Формамен қатар алғашқы бастамалардың қатарына «хюлэ» — материя да жатады. Материяның екі түрі бар. Біріншісі — түрсіз, бейтарап, 2-шісі – заттарды материалдандыратын нәрсе.

Ctrl
Enter
Заметили ошЫбку
Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter
Написать комментарий
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.