Презентация: Дәрілік шөп. Шүйгіншөп

Жоспар: 
▫Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік 
▫Шүйгіншөп
▫Шүйгіншөп құрылысы
▫Дәрілік шүйгіншөп. Шүйгіншөп пайдалы қасиеттері, пайдасы 
Дәрілік өсімдік
Дәрілік өсімдіктер-бұл дәрі-дәрмек алу үшін шикізат ретінде қызмет ететін өсімдіктердің үлкен тобы. Оларға кем дегенде бір бөлігі емдік агент бар өсімдіктер жатады.
Шүйіншөп, валериана (лат. Valeriana) – ұшқаттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта, бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік өседі. Тамырсабағының жуандығы 2 см, оны жіп тәрізді ақ немесе қоңыр түсті тамырлары шырмап жатады.
Шүйгіншөп құрылысы
Тамырсабағы мен тамырының ерекше иісі болады. Жапырақтары қауырсынды салаланған, тегіс жиекті, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, қос жынысты, хош иісті. Олар ірі шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – сопақша-жұмыртқа тәрізді тұқымша, оның 10 – 12 сәулелі айдаршасы болады.
Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде пайдаланады, тамырынан эфир майы, валериан, сірке және құмырсқа қышқылдары, қант, илік заттар алынады. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады. Қазақстанда Шүйіншөптің Іле Алатауында – 16 т, Күнгей Алатауында – 0,3 т жылдық қоры анықталған.
Көпшілігінің тамырлары жуан, сабағының буындары — түйнектелген шөл 'өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі шығады. Түрінің саны — 200. Мұның КСРО-да 30 дайы өседі. Бұған жататындар: дала валерианасы, Тарбағатай валерианасы, Қазығұрт валерианасы, Орыс валерианасы, Түркістан валерианасы. В. Австралиядан басқа жердің бәрінде өседі.
2.Дәрілік шүйгіншөп
Өсімдік тамырының құрамында эфир майлары , алма, құмырсқа, сірке қышқылдары , стеарил, изовалериан, пельметин қышқылдары , шайырлы, илі заттар, крахмал, қант бар екені ғылымда толығымен анықталды. Сондай – ақ, оның құрамында валериан , хатенин деген алкологидтар, сапониндер, гликозид – валерид деген заттар бар.
Халық емінде дәрілік шүйгін шөп ерте заманнан бері қолданылып келген. Қазіргі мал дәрігерлігі практикасында шүйгін шөп тамырының тұнбалары мал жүрегінің жұмысын жақсарту, нерв жүйелері ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Оның тұнбасын ішкен малдың жүрек соғуы жақсарып, қан тамырлары кеңееді де, қан айналымы жақсарады.
Тұнба 1:10 қатынаста жасалады, яғни майдаланған 100 г тамыр қайнаған 1200 мл суға – 15 -20 мин тұндырылады да, жылқы мен ірі қараға – 250-600 мл , қойға - 50- 150мл , бұзауға – 60 -150 мл, қозыға -30-40мл мөлшерінде күніне 2 -3 рет ішкізіледі. Спирттік тұнба жасау үшін 100 г тамыр 70 градустық – 350-400мл этил спиртінде 5 күн ашытылып, ірі малға – 25 -30 мл ұсақ малға – 5- 10 мл күніне 3 рет ішкізіледі. Жылқының ішегі түйіліп ауырғанда өлі тигенде 0,5 л шүйгін шөп тұнбасына 10 грамм эхтиол және 10 мл этилдік эфир араластырып, ішкізіледі. Ол сақа жылқыға – 250 -300 мл,құлын мен тайға 100-120мл күніне екі рет ішкізіледі.

Ctrl
Enter
Заметили ошЫбку
Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter

Написать комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.