СОӨЖ: Фармацевтің сөйлеу мәдениеті: әрдайым талаптарға сай ма? «Медициналық бұйымдар өндірісі» атты оқу-кәсіптік саладағы диалог түрлері тақырыбы бойынша презентацияны ұсыну

СОӨЖ тапсырмасы: 
Фармацевтің сөйлеу мәдениеті: әрдайым талаптарға сай ма?
Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары. ақыл мәдениетіне жетуге болмайды. Теплов Б. Тіл – жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз – бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.
Адамдар тек, ауырып қалған жағдайда ғана фармацевтпен кездеседі. Фармацевт еңбегінің маңыздылығы, құндылығы мынада, егер болар болмас қателессе немесе салқын қандық танытса, онда оның соңы орны толмас өкінішке әкеледі.Фармацевтің мінез-құлқы мен өмірлік жолын медицинаның адамгершілік мақсаты айқындап береді.Фармацевтің қызметінде көрсеткен жеке сапасының оң жақтары айталық, достығы, сергектігі, даралығы (ерекшелігі) аурудың қандай кеселмен ауырғанына қарамастан, оның психикасына әсерін тигізеді.Науқас ауруының сипатына, ақыл-ойының дамуына, жүйке жүйесінің жағдайына байланысты, ауырған кезде мазасы кетіп, қырсықтық, дөрекілік, түсініксіздік танытуы мүмкін. Осының бәрін сабырлылықпен түсініп, фармацевт өз тарапынан ашу көрсетпей, науқасқа тиісті көмегін көрсетуі керек. Осыдан барып фармацевт жоғары сападан көрінеді, «адамгершілік» ұғымымен қатар тұрады. Осы көп салалы сөздің мағынасында оның жайдарлылығы, пысықтығы, ақ көңілдігі, достыққа үйір болғыштығы, жұбата білуі сияқты түсініктер жатыр.
Науқас дәріханаға көбіне жабырқаған күйде келеді. Ол ауруына шипа іздеп, соны дәріханадан табатындығына сеніп келеді. Фармацевтің парызы – сол сенімді ақтау, қолдау. Әйтсе де, дәрілік заттардың барлығы аурудың себебін жойып немесе одан оны мүлдем жазып жібермейді.Фармацевтің міндеті – ауруды жеңу үшін тағайындалған дәріні ғана қолданудың қажет екендігін науқасқа түсіндіріп айту.
Сөз – адамзатқа, әсіресе науқасқа әсер ететін құдіретті құрал. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген. Науқас дертіне шипа боларлық дәрі сатып алумен қатар, фармацевтің әрбір қимылынан, әңгімелесу мәнерінен, көзқарасынан жазылып кетерліктей әсер алу керек. Науқастың бойында тез сенгіштік, қиындықпен көндіре алмау белгілері басым болады. Адам денсаулығының қандай дәрежеде екендігін білмей тұрып, дәрінің ағзаға тигізетін әсерін пайымдау қиын. Дегенмен де, дәрігердің нұсқауымен, науқастың толық емдеу курсын алуына сенімділігін арттыру қажет. Науқастың дертіне шипа алатындығына сендіре отырып, дәрілерді қабылдау кезінде болатын жайсыздықтар мен жағымсыз әсерлері туралы алдын ала айтып, оны қорқытудың қажеті жоқ.
Дәрігер рецептте дәрінің 1 рет қабылдауға арналған бір реттік мөлшерін көрсетеді де, оның қай уақытта қабылдану керектігін көрсетпейді. Аш қарынға ішілген дәрі асқазанды тітіркендіреді, тамақтан кейін ішсе – қанға сіңбей, белсенділігін жояды. Осыдан барып препарат фармакологиялық әсеріне жетпей, жанама әсер көрсетеді. Дәрігер науқастың дәрі қабылдау уақытын білу-білмеуіне мән бере бермейді. Өйткені, бұл ретте әріптесі - фармацевтің біліміне жүгінеді. Сондықтан, фармацевт дәріханадан дәріні жібермес бұрын дәрі қабылдаудың толық уақытын науқасқа көрсетіп, анықтап түсіндіруі қажет.Дәріханаларда науқас дәрінің не үшін жазғанын сұрап жатады. Бұл дәріні дәрігер қандай ауруға жазғанын фармацевт білуге тиісті емес, оны науқастан сұрауға да болмайды. Дегенмен, фармацевтің «білмеймін» - деген жауабы науқастарды қанағаттандырмайды.Фармацевтке өмірдің барлық жағдайларына жауап айту қиынға соғады. Бірак, науқаспен сөйлескенде түсініксіз терминдер: глаукома, гипертония, рак т.б. сияқты сөздермен емес, қарапайым: өт айдайтын, суық тиюге қарсы, зәр шығаратын, ұйықтатқыш т.б. деген сөздермен науқасқа түсіндіру керек.
Кейбір фармацевтер науқаспен сөйлесуге уақыт жоқ: чегін алып, дәрісін беру керек, олардың қойған сұрақтарына: «барма?» «бар», «жоқ па?» «жоқ»,- деп жауап беріп жатады. Бірақ, бір сөздің өзі әртүрлі естілуі мүмкін. Бернард Шоу айтқан: «иә» сөзінің 50 әдісі, «жоқ» сөзінің 50 әдісі бар - деп. Науқас фармацевтің мейірімділік танытып, оған қажеттіні жан-жақты түсіндіруге тырысқанын сезінуі тиіс.
Жанды жаралайтын сөз - фармацевт жұмысының қателігі және ол сол қателік үшін жауап береді. Кейде дәріханаға науқас дәрі алу үшін ғана емес, өзінің психикалық күйзелісін жеңілдету үшін де келеді. Бұл жағдайда адамды тек тыңдай білу керек, егер фармацевт тыңдағысы келмей, сөзін бөле берсе, бұл науқасқа ауыр тиеді. Бұл ретте фармацевт өзін мейірімділікпен, биязылықпен көрсете білдіруі керек.Сөйлесу кезінде дауыстың тоны бір қалыпты болуы керек. Фармацевттің қызметінде жіберілген қателік пен міннен туындайтын оның салдарының үлкен мағынасы бар.
Өзінің қателігін толық мойындауы - фармацевт этикасының дәлелі болып табылады. Өзінің немесе жолдасының қателігін сезініп, тездетіп себебін іздеп, екінші рет қайталамауға тырысу қажет. Фармацевт өзін-өзі сынамаса, онда оның теория жағынан тереңдігі мен практикалық тәжірибесін жинақтауы қиын болады. Дәріні тек технологиялық жағынан дұрыс дайындап қана қоймай, оның фармакологиялық әсерін де сол қалпында сақтап қалу керек. Күрделі дәрілік заттарға талдау жасағанда жаңа әдістерді пайдалану тиімді болып келеді. Халық игілігі үшін жұмыс жасауда фармацевт үнемі білімін жетілдіріп, фармацевтика ғылымының барлық жетістіктерін қадағалап отыруы керек. Оның кәсібі осыған оны міндеттейді.
Қорытындылай келе,Фармацевт тек жақсы маман ғана болмауы керек. Медициналық адамгершілік мақсаты оның бет-әлпеті мен мінез-құлқын көрсетеді: тазалығы, мейірімділігі, адамның денсаулығын сақтауға тырысуы т.б. Оның бойында өз-өзіне деген сенім мен беріктігі де қатар жүреді. Іс-әрекетіндегі күдік тудыратын жайттар, баяулығы, шешімсіздігі науқасқа кері әсерін тигізеді.Фармацевт науқас қитығына тиетін нәрселердің болуына жол жібермеу керек, ол нәтижесінде науқас пен фармацевтің қатынасын бұзады.Фармацевт этикасы оның қоғам алдындағы көрінісін айқындайды. Оның этикасының сапасы әріптестерімен, науқастармен қарым-қатынасындағы барлық іс-әрекеті кезінде шығады.Фармацевт өз ісін жетік білумен қатар, оны сүюі керек және оған жауапкершіліктің бар екенін сезіну керек. Сонда ғана ол өзінің парызын өтейді, аурудың азаюына, адамдардың өмір сүруін ұзартуға, олардың жұмысқа деген қабілетінің артуына көмегін тигізеді.
2. 3 тілде глоссарий құрастыру
Қазақ тіліндеОрыс тіліндеАғылшын тілінде
1Медициналық бұйымдар - медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника.Медицинские изделия - изделия медицинского назначения и медицинское оборудование.Medical devices - medical devices and medical equipment.
2Медициналық бұйымдар қауіпсіздігінің, сапасы мен тиімділігінің мониторингі - қолайсыз оқиғалар туралы ақпаратты жинау, тіркеу, талдау;Мониторинг безопасности, качества и эффективности медицинских изделий - сбор, регистрация, анализ информации о нежелательных явлениях;Monitoring of safety, quality and effectiveness of medical devices - collection, registration, analysis of information on adverse events;
3Медициналық бұйымның саудалық атауы - медициналық бұйымның тіркелетін атауы;Торговое наименование медицинского изделия - зарегистрированное наименование медицинского изделия;Trade name of a medical device - the registered name of a medical device;
4Жақсы өндірістік практика, GMP (ағылшынша good өндірістік практика) - медициналық және ветеринариялық қолдануға арналған дәрілік заттардың өндірісін және сапасын бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейтін ережелер.Надлежащая производственная практика, GMP (англ. good manufacturing practice) — правила, которые устанавливают требования к организации производства и контроля качества лекарственных средств для медицинского и ветеринарного применения.Good manufacturing practice, GMP (English good manufacturing practice) - rules that establish requirements for the organization of production and quality control of medicines for medical and veterinary use.
5Медициналық бұйымның тиімділігі - медициналық бұйымды өндіруші белгілеген және оны пайдалану практикасымен расталған, мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;Эффективность медицинского изделия - совокупность свойств и характеристик медицинского изделия, установленных производителем медицинского изделия и подтвержденных практикой его использования, обеспечивающая достижение поставленных целей;Effectiveness of a medical device - a set of properties and characteristics of a medical device, established by the manufacturer of the medical device and confirmed by the practice of its use, ensuring the achievement of goals;
6Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер - фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар.Субъекты в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий - физические или юридические лица, осуществляющие фармацевтическую деятельность.Subjects in the field of circulation of medicines and medical devices are individuals or legal entities engaged in pharmaceutical activities.
7Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс.Государственный реестр лекарственных средств и медицинских изделий - электронный информационный ресурс, содержащий сведения о лекарственных средствах и медицинских изделиях, зарегистрированных в Республике Казахстан и разрешенных к медицинскому применению.State Register of medicines and medical devices - an electronic information resource containing information about medicines and medical devices registered in the Republic of Kazakhstan and approved for medical use.
8Медициналық бұйымның сапасы - медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамалары жиынтығының оны пайдалануға арналған мақсаттарға сәйкестік дәрежесі;
 
Качество медицинского изделия-степень соответствия совокупности свойств и характеристик медицинского изделия целям его использования.Quality of a medical device-the degree of compliance of the set of properties and characteristics of a medical device with the purposes for which it is intended for use;
9Медициналық бұйымның саудалық атауы - медициналық бұйымның тіркелетін атауы.
 
Торговое наименование медицинского изделия-регистрируемое наименование медицинского изделия.Trade name of a medical device-the registered name of a medical device.
10Медициналық бұйымның тиімділігі - медициналық бұйымды өндіруші белгілеген және оны пайдалану практикасымен расталған, мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы
 
Эффективность медицинского изделия-совокупность свойств и характеристик медицинского изделия, обеспечивающих достижение целей, установленных производителем медицинского изделия и подтвержденных практикой его использования.The effectiveness of a medical device is a set of properties and characteristics of a medical device established by the manufacturer of a medical device and confirmed by the practice of its use, ensuring the achievement of goals.
11Бірлесіп төлеу - ерікті түрде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны мен олардың орнын толтырудың белгіленген шекті бағасындағы айырманы төлеу.Совместная оплата-выплата разницы в стоимости лекарственных средств, медицинских изделий и установленной предельной цене их возмещения на амбулаторном уровне в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, осуществляемая на добровольной основе.Co-payment - payment of the difference in the cost of medicines, medical devices and fixed marginal prices for their compensation within the guaranteed volume of free medical care, carried out on a voluntary basis and (or) at the outpatient level in the system of compulsory social health insurance.
12Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен (әкетуден басқа), жоюмен байланысты фармацевтикалық қызмет.Розничная реализация лекарственных средств и медицинских изделий - фармацевтическая деятельность, связанная с получением (кроме ввоза), хранением, распределением, реализацией (кроме вывоза) конечному потребителю, уничтожением лекарственных средств и медицинских изделий.Retail sale of medicines and medical devices - pharmaceutical activity related to the receipt (except for import), storage, distribution, sale (except for export), destruction of medicines and medical devices to the end consumer.
13Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіру (бұдан әрі - келісімшарттық өндіру) - дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) және медициналық бұйымдарды өндірушілер үшін сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандарты (ISO 13485) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өндірістік қуаттарында келісімшарттық негізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру.Контрактное производство лекарственных средств и медицинских изделий (далее - контрактное производство) - производство лекарственных средств и медицинских изделий на контрактной основе на производственных мощностях производителей лекарственных средств и медицинских изделий, расположенных на территории Республики Казахстан, обеспечивающих полное соблюдение требований надлежащей производственной практики для лекарственных средств (GMP) и международного стандарта системы управления качеством для производителей медицинских изделий (ISO 13485).Contract production of medicines and medical devices (hereinafter referred to as contract production) - production of medicines and medical devices on a contractual basis at the production facilities of manufacturers of medicines and medical devices located in the territory of the Republic of Kazakhstan, ensuring full compliance with the requirements of the international standard of Good Manufacturing Practice (GMP) for medicines and the quality management system for manufacturers of medical devices (ISO 13485).
14Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында басшылықты, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.Государственный орган в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий - государственный орган, осуществляющий руководство в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, контроль за оборотом лекарственных средств и медицинских изделий.State body in the sphere of circulation of medicines and medical devices - a state body that carries out Management in the sphere of circulation of medicines and medical devices, control over the circulation of medicines and medical devices.
15Медициналық бұйымның тиімділігі - медициналық бұйымды өндіруші белгілеген және оны пайдалану практикасымен расталған, мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы
 
Эффективность медицинского изделия-совокупность свойств и характеристик медицинского изделия, обеспечивающих достижение целей, установленных производителем медицинского изделия и подтвержденных практикой его использования.The effectiveness of a medical device is a set of properties and characteristics of a medical device established by the manufacturer of a medical device and confirmed by the practice of its use, ensuring the achievement of goals.
 
СӨЖ тапсырмасы:
«Медициналық бұйымдар өндірісі» атты оқу-кәсіптік саладағы диалог түрлері тақырыбы бойынша презентацияны ұсыну
Орындаған: Еламан Аружан
Клиент: Еламан Аружан
«DOLCE-PHARM» фармацевтикалық компаниясының тарихын атап көрсетсеңіз. 
«DOLCE-PHARM» фармацевтикалық компаниясының өкілі
Dolce 1998 жылы құрылған. 12 жыл ішінде компания бір реттік медициналық құрылғыларды (IMN), кәсіби шығын материалдарын және дәрі-дәрмектерді шығаруда тұрақты позицияны ұстанды. Dolce-компаниясының Dolce-Pharm сауда маркасымен жетістіктері Компанияда өсу мен кірістіліктің жоғары көрсеткіштері бар. Компания тіркелген және Қазақстанның қаржы орталығы болып табылатын Алматы қаласынан 5 км қашықтықта, Алматы облысының Іле ауданында орналасқан.
Клиент: Еламан Аружан
«DOLCE-PHARM» фармацевтикалық компаниясы қандай өнімдер өндіреді?
 «DOLCE-PHARM» фармацевтикалық компаниясының өкілі
Қазіргі уақытта компания Қазақстанның фармацевтикалық нарығында өзін жоғары сапалы медициналық өнімдер мен дәрі-дәрмектерді өндіруші ретінде танытты. Dolce ЖШС келесі бір реттік медициналық өнімдерді шығарады: қолғаптар, маскалар, шляпалар, аяқ киімдер, әр түрлі акушерлік және хирургиялық жиынтықтар және т.б.
Ctrl
Enter
Заметили ошЫбку
Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter

Написать комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.