Көрнекі анализатордың функционалды күйін сипаттау үшін қолданылатын зерттеу әдістері

Адам әлемнен барлық ақпаратты көру арқылы алады. Сондықтан адамның іс-әрекеті, жұмысы үшін жарықтың алатын өзіндік орны бар. Жарықты қабылдау біздің әрекет ету қабілетіміздің маңызды элементі. Көру функциясы мағынасы жағынан өте кең ұғым. Абсолютті, айырмашылық, контрастты, жарыққа сезімтал; орталық, перифериялық, түсті, бинокулярлық тереңдетілген, күндізгі, ымырт кездегі және түнгі көру, сондай-ақ жақын және алыс көру- бұның барлығы көру функциясының маңыздылығын пайымдайды. Қарапайым жарық сезімталдығы көру функцияның кез-келген түрінің міндетті компоненті болып табылады. Жарық сезімталдығынсыз көру мүмкін емес. Ол жарық шегімен, көрнекі анализатордың белгілі бір күйінде жарық сезімін тудыратын минималды күшімен өлшенеді. Көздің жарық сезгіштігі – бұл көздің жарық энергиясы мен түрлі жарықтықтағы жарықты қабылдау қабілеті десек те болады. Жарық сезу көру анализаторының функционалды күйін көрсетеді және қаранғы болғанның өзінде де ориентацияның мүмкін екендігімен сипатталады. Қазіргі уақытта көз құрылысындағы колбалар жарық аз болған кезде көру процесіне қатысатындығы дәлелденді, ал таяқшалардың ерекше түрі көк түсті жарықты қабылдауға қатысады. Көз үнемі сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделуіп отыруы тиіс, яғни оның фотосезгіштігі орын ауыстырған кезде үнемі өзгеріп тұрады. Жарықтың тітіркенуімен көздің сезімталдығының өзгеруі жарықтың бейімделуі деп аталады, ал қараңғыда болған кезде сезімталдықтың өзгеруі - қараңғыға бейімделу.
Жұмыс орнында жарықтың дұрыс берілмеуі сияқты проблемалардан жұмысшының көру анализаторларына зақым келуі мүмкін. Сол себепті, көздің өзгерістерін анықтауға мүмкіндік беретін стандартты және арнайы зерттеу әдістері бар. Қазіргі уақыттағы жиі қолданылатын офтальмологиялық зерттеу әдістерінің стандартты және арнайы түрі бар. Стандартты зерттеу әдістеріне осылар кіреді: Венаның алдыңғы бөлігінің биомикроскопиясы, визометрия, ультрадыбыстық эхобиометрия, көздің және көз түбінің офтальмоскопиясы, тонометрия, периметрия.
Визометрия - көру өткірлігін анықтау әдісі. Әдетте, Сивцев-Головиннің кестелерін қолданажы, бұл әдіс көзді зерттеуде қолданылатын негізгі диагностикалық процедуралардың бірі. Бұл кесте өмірде кем дегенде бір рет окулист кабинетінде болған барлық адамдарға белгілі. 10 қатардағы кестелерде біртіндеп төмендетіліп, онда алфавит әріптері бейнеленген. Дәрігер әріптерді жоғарғы қатардан бастап көрсетеді, ал пациент оларды атайды. Көбінесе офтальмологтар визометрия үшін оң, сол, жоғарғы немесе төменгі жағында люмені бар сақиналары бар Ландольт кестелерін қолданады.
Ультрадыбыстық эхобиометрия - офтальмологиялық диагностиканың басқа әдістерінен өзінің әмбебаптылығымен ерекшеленеді - ол көз ауруларының спектрін анықтау үшін қолданылады. Ультрадыбыстық зерттеу бізге көздің ішкі құрылымдарының жалпы жағдайын бағалауға және оның нақты биометриялық параметрлерін өлшеуге мүмкіндік береді.
Тонометрия – көз ішіндегі қысымды өлшеу арқылы зерттеу болып табылады. Тонометрия әісі арқылы көздің мүйізді қабатындағы деформация дәрежесін өлшейді. Көздің тонометриясы - 40 жастан кейінгі міндетті түрде тексерілетін процедура.
Периметрия – пациенттің көру аймағының шекаралары және оның бір бөлігінің түсу аймақтары анықталатын офтальмологиялық тексеріс. Көру аймағын осы әдіспен зерттеу көру жүйкесі пен тордың жағдайын бағалау үшін, глаукома мен көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін басқа ауруларды диагностикалау үшін, сондай-ақ патологиялық процестердің дамуын және оларды емдеудің тиімділігін бақылау үшін маңызды.
Көру мүшесінің жай-күйі туралы неғұрлым толығырақ ақпарат алу үшін флюоресцеиндік ангиография , қысқа толқынды және инфрақызыл аутофлюоресценция, спектрлік оптикалық когерентті томография , сондай-ақ көз түбінің түрлі-түсті фотосуреті бар микропериметрияны қамтитын арнайы зерттеу әдістері жүргізіледі. Олар көзде болатын құрылымдық және функционалдық өзгерістерді жан-жақты және дәл бағалауға мүмкіндік береді.
Әрине, көздің нашарлауына алып келетін әртүрлі жағдайлардан сақтанып жүру қажет. Белгілі бір уақыт аралығында окулистке қаралуға барып, көзді бөгде заттардың түсуінен сақтау, жарық көзінің біркелкі түсуін реттеу сияқты қарапайым шараларды сақтау арқылы адамның ең бағалы мүшесі- көзде кездесетін аурулардың алдын ала алып, функцияларын жақсарта аламыз.

Ctrl
Enter
Заметили ошЫбку
Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter
Написать комментарий
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.