Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары. Мұнайды екіншілік өңдеу: крекинг, реформинг және платформинг. Шикізатты дайындау және байыту. Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы

Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары:
Шикізат – өнеркəсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар. Жартылай өнімдер – сол мекемеде шикізатты өнеркəсіптік өңдегенде алынған материалдар жəне қандай да бір өнім алу үшін бастапқы материалдар ретінде пайдалану. Практикада жартылай өнім оны дайындайтын мекеме үшін дайын өнім, ал осы жартылай өнімді тұтынатын мекеме үшін шикізат болуы мүмкін. Мысалы, түсті металлургия зауытында алынған күкірт қышқылы сол мекеме үшін дайын өнім, ал минералды тыңайтқыштар өндірісінде шикізат болып табылады. Шикізат кез келген химиялық-технологиялық үдерістің бөлінбейтін элементі жəне оның техникасымен экономикасын анықтаушы.
Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар
– соңғы өнімге дейін өңдеу сатыларының санын азайту;
– шикізатты химиялық өзгеріске дайындауға жəне үдерісті жүзеге асыруға энергетикалық, материалдық шығындарды аз жұмсау;
– бастапқы энергияның максималды шығынсыз жұмсалуы;
– əрекеттесуші заттардың агрегаттық күйінің өзгеруіне төмен температура, қысым жəне аз энергия жұмсау;
– реакциялық қоспада мақсатты өнімнің концентрациясын арттыру.
Химиялық өнеркəсіптің шикізаты əртүрлі белгілері бойынша жіктеледі: 

§шығу тегіне байланысты – минералдық, өсімдік, жануартекті; 
§қоры бойынша – сарқылатын (кендер, минералдар, жанғыш пайдалы қазбалар) жəне сарқылмайтын (су, ауа, өсімдік жəне жануартекті);
§химиялық құрамы бойынша – бейорганикалық (кендер, минералдар) жəне органикалық (мұнай, көмір, табиғи газ); 
§агрегаттық күйі бойынша – қатты, (кендер, минералдар, көмір, сланецтер, торф) сұйық (су, тұздықтар, мұнай) жəне газтəрізді (ауа, табиғи газ). 
Сондай-ақ шикізатты 
§біріншілік (минералдық, өсімдік жəне жануартекті, жанғыш пайдалы қазбалар, су, ауа) жəне екіншілік (өнеркəсіптік жəне тұтынылатын қалдықтар),
§табиғи жəне жасанды (кокс, химиялық талшық, синтетикалық каучук, синтетикалық бояулар, шайырлар жəне т.б.) деп бөледі.
Шикізатты дайындау және байыту.
Шикізатты байыту – концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру жəне бос жынысты бөлу үшін минералды шикізатты өңдеудің физикалық жəне физикалық-химиялық əдістердің жиынтығы. Байыту нəтижесінде құрамында пайдалы заттардың мөлшері аз шикізаттың орнына концентрленген шикізат алынады. Байытылған шикізатты қолдану барысында шикізаттың химиялық өзгеру жылдамдығы жоғарылау нəтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді, сапасы, техникалық үдерістердің интенсивтілігі артады, отын шығыны төмендейді.
Гравитациялық байыту (ылғалды жəне құрғақ) ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тəуелділігіне негізделген; Электрмагниттік байыту ұсатылған заттардың магнитке тартылу қасиетіне негізделген. Ұсатылған шикізат магнит сепараторынан өткенде магнитке тартылатыны жəне тартылмайтыны екі фракцияға бөлінеді; Электрстатистикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы əртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігінің өзгешіліктеріне негізделген; Флотация – физикалық-химиялықбайытуəдісі, əрікөпқолданылатын əдіс. Флотация ағылшынша “Flotatіon” – қалқып шығу деген сөз. Флотация технологиясының негізі – кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу-жұқпау қасиеттерінің əртүрлі болуына негізделген.
Термиялық байыту ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген. Мысалы: гипс құрамындағы сап күкірт шикізаты 150-200оС қыздырғанда элементарлы күйінде бөлінеді. Химиялық байыту шикізат құрамындағы компоненттердің химиялық реагенттермен əрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген. Химиялық реакциялар нəтижесінде қоспа құрамындағы компоненттер тұнбаға тұнуы, газға айналуы, балқыған күйінде, т.б. құбылыстарға ұшырауы мүмкін. Мысалы: мыс кочеданын SіO2 қатысумен күйдіргенде мыс штейні бөлінеді: CuFeS2 =FeSіO3 + CuS. Сұйық материалдарды байыту: еріткішті буландыру, ерітіндіге пайдалы компонентті үстемелеп қосу, ерітіндіден бөгде заттарды тұнбаға түсіру немесе оларды газ күйіне ауыстыру (бөгде заттарды буландыру – десорбция) сияқты əдістерге негізделген. Газдарды байыту белгілі бір газды бөліп алу олардың қоспа құрамындағы газдардың қайнау, сұйыққа айналу температураларының, ерігіштігінің айырмашылығына негізделген.
Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы
Үдерістің сызбанұсқасын таңдау – маңызды саты, мұнда шикізат ресурстарын пайдалануды жақсартуға болады;
Бір реагенттің артық мөлшері – арзан жəне қолайлы, сонымен бірге оны үдеріске қайта жіберу мүмкіндігі. Өнім шығымын арттыруға, реагенттің артық мөлшерінің əсеріне екі фактор қолданылады.
Термодинамикалық фактор бір реагенттің артық мөлшері екінші реагенттің максималды тепе-теңдікті айналуын арттырады.
Кинетикалық фактор жүретін үдерістің кинетикасы мен механизмінің ерекшелігіне негізделген. Қарсы ағысты жанасу фазасы – ауысу үдерісінің максималды қозғаушы күшін қамтамасыз етеді.
Мұнайды екіншілік өңдеу: крекинг, реформинг және платформинг
Мұнай жəне мұнай өнімдерін жоғары температурада химиялық өңдеу əдісі алынатын өнімдердің шығымы мен құрамын өзгертуге мүмкіндік береді.
Химиялық өңдеу əдістерінде бастапқы шикізат молекуласының құрылысын өзгертетін екіншілік деструкциялық үдерістер жүреді. Екіншілік мұнай өңдеу үдерістері: - Крекинг - жоғары қайнайтын фракциялардан жеңіл қайнайтын фракциялардың шығымын арттыру мақсатында жүргізіледі; – Риформинг шикізаттың көмірсутектік құрамын өзгерту мақсатында жүргізіледі; – Алкилдеу - жеке көмірсутектерді синтездеу; – гидротазалау - мұнай өнімдерінен бөгде заттарды бөлу үдерістері); -  үдерістің жүру жағдайына байланысты (жоғары температурамен қысымда жүретін термиялық, жоғары температура мен катализаторлар қатысында жүретін каталитикалық үдерістер).



Ctrl
Enter
Заметили ошЫбку
Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter

Написать комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.