Гомогенді және гетерогенді катализдің мәнін түсіндіру; физикалық химия тұрғысынан гетерогенді процестердің диффузды кезеңдерін түсіндіру; химиялық реакциялардың тепе-теңдігіне әр түрлі факторлардың әсерін болжау; гомогенді және гетерогенді реакциялар
1) Гомогенді химиялық процестерге сипаттама:
§газды фазадағы гомогенді процестер
§сұйық фазадағы гомогенді процестер
2) Гетерогенді химиялық процестерге сипаттама:
§Газ-сұйық (Г-С)
§Сұйық-қатты (С-Қ)
§Газ-қатты (Г-Қ)
3) Химиялық технологиядағы катализ
§Гомогенді катализ
§Гетерогенді катализ
4) Гетерогенді процестерде жанасушы беттерді ұлғайту тәсілдері
Гомогенді химиялық процестерге сипаттама
Гомогендік процестер деп реакцияға қатысушы заттар бір агрегаттық жағдайда болғанда ғана жүретін процестерді айтады. Өнеркәсіпте системаларды гомогенді түрге келтіру жолдары:
Гомогенді процестердің жылдамдығына әсер етуші факторлар
Химиялық реакцияның жылдамдығы – бірлік фазада (гомогенді реакциялар үшін) немесе фазалардың бөліну бірлік бетінде (гетерогенді реакциялар үшін) бірлік уақытта компоненттердің моль сандарының өзгеруі.
1) Әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері;
2) Температураның әсері;
3) Қысымның әсері;
4) Араластырудың әсері.
Гомогенді процестердің жылдамдығына әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері
Шикізатта әрекеттесуші компонеттер концентрациясын көбейту DС-ны жоғарылатады. Бастапқы шикізатта әрекеттесуші компоненттер концентрациясын көбейту тәсілі – қатты шикізатта пайдалы компонентті көбейту – байыту деп, ал сұйық немесе газ тәріздіде – қоюландыру д.а.
Тұрақты температурада химиялық реакция жылдамдығы олардың стехиометриялық коэффициенттерінің дәрежесінде алынған өзара әрекеттесетін заттардың концентрациясының көбейтіндісіне пропорционал (Әсер етуші массалар заңы)
аА + вВ Û dD + cC
u = k * [A]a [B]b
Айта кету керек, реакция өнімдерінің концентрациясы реакция жылдамдығына әсер етпейді!
Гомогенді процесттер жылдамдығының температураға тәуелділігі
Температура - реакция жылдамдығын анықтайтын екінші фактор. Температураның жоғарылауы әдетте реакция жылдамдығын едәуір арттырады.
Вант-Гофф: «Температура әр 10 градусқа көтерілгенде, көптеген реакциялардың жылдамдығы 2-4 есе артады» деп тапты.
Аррениус теориясы бойынша энергиясы бар молекулалар яғни "белсенді" молекулалар қатысатын соқтығысулар ғана химиялық тұрғыдан тиімді.
Газ гомогенді процестерге қысымның әсері
Газ фазасындағы реакциялардың жылдамдығына қысым айтарлықтай әсер етеді. Менделеев–Клайперон теңдеуін еске түсірейік:
pV = n*R*T Þ p = n/V * R*T Þ p = C*R*T Þ C = p/(R ×T)
Көріп отырғанымыздай, қысым газ концентрациясына тура пропорционалды. Яғни, қысымның жоғарылауымен газдың концентрациясы да артады.
Демек, қысымның жоғарылауымен гомогенді газ реакцияларының жылдамдығы артады.
Араластырудың гомогенді процестерге әсері
Араластыру – молекулалардың жай диффузиялық қозғалысын тез айналмалы (конвективті) қозғалысқа ауытырады. Әсіресе араластыру сұйық гомогенді системалар үшін өте тиімді болып табылады. Осымен бірге, компоненттер әрекеттесуіне кедергі болатын диффузиялық тежеулер азаяды. Араластыру қарқындылығын процесс диффузиялық аймақтан кинетикалыққа өткенше жүргізеді. Ол шамадан асса процесттің жүру жылдамдығы төмендейді. Өйткені араластыру қарқыны асқан сайын процестің орташа қозғаушы күші С кемиді де, реакция жылдамдығы төмендейді.
Гетерогендік процесттер
Гетерогенді системалар екі немесе одан көбірек фазалардан тұрады: газ-сұйық (Г-С), газ-қатты (Г-Қ), сұйық-қатты (С-Қ). Көптеген өндірісітік процесттер көпфазалы гетерогенді системалардан тұрады: г-с-к, г-к-к, с-к-к. Гетерогенді процестер гомогендіге қарағанда өндірісте кең тараған. Көптеген гетерогенді процестер химиялық реакциялармен байланысты емес, олар физика-химиялық құбылыстарға негізделген.
Гетерогенді процестің жылдамдығы төмендегі формуламен өрнектеледі:
U=dG/dτ = kF · DC
Газ-сұйық жүйелерінде беттік жанасу аудандарын (F) ұлғайту әдістері
1) Жұқа қабат жасау Сұйық фазаның беттік ауданын ұлғайту мақсатында аппарат ішіндегі реакциялық көлемді толтыра алып жатқан ұңғышақтардың беттері бойынша жайып жібереді.
2) Тамшылар жасау Сұйықты іші қуыс аппаратта механикалық немесе пневматикалық әдіспен диспергілеу немесе шаңдату, шашыратумен сұйық фазаның бетін көбейтеді. (өте күшті қысымды қажет етеді).
3) Көпіршік жасау Сұйық көлемінде газды диспергілеу арқылы әрекеттесуші фазалардың жанасу бетін дамыту. Мұндай жанасу бетін көбейту тәсілін – барботаж деп атайды.
4) Жылжымалы көбіктің қалқымалы қабатын жасау Сұйық қабаты арқылы астынан жоғары қарай газды жіберу арқылы көбіктің қозғалмалы (өрлеген) қабатын жасау.
Газ-қатты, сұйық-қатты жүйелерінде беттік жанасу аудандарын (F) ұлғайту әдістері
Г-Қ және С-Қ жүйелерде беттік жанасу аудандарын ұлғайту үшін қатты заттарды майдалау немесе олардың көп қуысты бөлшектері мен түйіршіктерін пайдалану тәсілдері қолданылады. Көп қуысты заттардың ішкі бет аудандары сол заттың кесекті бөліктерінің сыртқы бет аудандарынан жүздеген есе көп болады. Барлық жүйелерде фазалардың жанасу бетін көбейту үшін Г-Қ, С-Қ жүйелерде қатты фаза бетін және Г-С жүйеде, сұйық фаза бетін ұлғайтуға ұмтылады.
Каталитикалық химиялық процестер
Катализ – химиялық реакцияны қоздыру құбылысы, ал заттар – катализаторлар, ал процестер – каталитикалық деп аталады. Катализаторлар – бірнеше рет реакцияға қатысушылармен химиялық әрекеттерге түсуі мүмкін және аралық әрекеттесудің әрбір айналымынан кейін, өз құрамын қайта қалпына келтіреді. Реагенттер мен катализатордың фазалық күйлеріне байланысты каталитикалық процестер – гомогендік және гетерогендік болып бөлінеді. Катализ – оң (үрдісті жеделдететін) және теріс (үрдісті баяулататын) болып бөлінеді. Үрдісті баяулататын катализаторлар – ингибиторлар деп аталады.

- Газдарды сұйыққа жұтқызу (абсорбциялау);
- Буларды конденсациялау (сұйыққа айналдыру);
- Қатты заттарды балқыту.

Ctrl
Enter
Заметили ошЫбку
Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter
Написать комментарий
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.