Желінің негізгі компоненттері

Пәні : ДЭЕМ және желілердің аппараттық құралдарының кешені.
Сабақтың тақырыбы:  Желінің негізгі компоненттері.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:  Білімгерлерге  ЭЕМ-нің қазіргі сыртқы құрылғылары мен желі құрылғыларын қосуды, қолдануды және баптауды меңгерту.
2.Дамытушылық: Білімгерлердің  ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
 3.Тәрбиелік : Білімгерлерді желілік сауаттылыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:   Аралас
Сабақтың әдісі:   Баяндау, сұрақ-жауап, тәжірибелік жұмыс, бейне әдіс, ойын элементтерін табу.
Сабақтың көрнекілігі:  Оқу құралы,  лекция, желі ортасы, мультимедиялық тақта, компьютер.
Сабақтың барысы:
      І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру
Б) білімгерлерді түгендеу
     ІІ. Үй тапсырмасы:  Есептеуіш желілердің жіктелуі
•         1. Желілердің пайда болуы.
•         2.   Қазақстандағы желілер.
•         3.   Компьютерлік желілер.
•         4.   Желіледің жіктелуі.
     ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау: Сөз жұмбақтағы жасырылған  сөздерді табу.
Сөзжұмбақтың шешімі: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, антивирус.
 
   ІV. Жаңа тақырып
Жоспары:
  1.  Кабельдік жүйе және оның түрлері
  2. Желілік карта, НUB, Router, IP-адрес
  3. Желілік  топологиялар
 
1.     Кабельдік жүйе
Қазір компьютерлік желілердің басым бөлігі  кабельді қолданады. Олар компьютерлер арасындағы сигналдарды беру  жұмысын атқарады.
Көпшілік желілерде кабельдің 4 негізгі түрі  қолданылады:
1.     коаксиалды кабель;
2.     экрандалмаған ;
3.     экрандалған ;
4.     оптикалық талшықты.
 
 
 Коаксиалды кабель.
Коаксиалды кабель кабельдің көп тараған түрі. Бұл екі түрлі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, ол қымбат емес, жеңіл, иілгіш және қолдануға қолайлы. Екіншіден, коаксиалдық кабельдің кең тараған себебі оны орнату кезіндегі қауіпсіздігінің қарапайымдылығында.
Коаксиалды кабель мыс жіптен, оны қоршаған ортасынан оқшаулау, металды орау мен сыртқы қап түріндегі экранннан тұрады. (№1 сурет)
 
      
Сурет 1. Коаксиалды кабельдің құрылымы
Өткізілетін жіп (жила) және металды орау бір біріне тимеуі тиіс, әйтпесе айқас тұйықталу (замыкание) болады, кедергілер жіпке еніп, мәліметтер бұзылады. Кабель сыртынан резинамен, тефлонмен немесе пластикамен өткізбейтін қабатпен жабылған. Коаксиалды кабель кедергілерге қарсы тұра алады, онда сигналдардың өшуі бұралған жұпқа қарағанда аздау.
Өрілген орау қабығы сыртқы электромагниттік сигналдарды жіп бойынша беріліп жатқан мәліметтерге әсер етуге мүмкіндік бермей сіңіреді, сондықтан коаксиалды кабельді алыс қашықтыққа беруде қолдануға болады.
Коаксиалды кабельдердің екі типі бар:
1.     жіңішке коаксиалды кабель;
2.     жуан коаксиалды кабель.
Қандай да болмасын кабель типін таңдау нақты желінің қажеттілігіне байланысты.
Жіңішке коаксиалды кабель
Жіңішке коаксиалды кабель – диаметрі шамамен 0,5 см иілгіш кабель. Ол пайдалануда қарапайым, ол компьютердің желілік адаптер платасына тікелей қосылады. Жіңішке коаксиалды кабель  сигналды қашықтығы 185 м дейін бере алады.(сурет №2)
Сурет 2. Жіңішке коаксиалды кабель
Жуан коаксиалды кабель
Қалың коаксиалды кабель диаметрі шамамен 1 см қатты кабель. Кейде оны «стандартты Enternet» деп атайды, өйткені ол Enternet желілік сәулетінде қолданылатын алғашқы кабельдің типі болды. Осы кабельдің мыс жібі жіңішке коаксиалды кабельмен салыстырғанда қалыңдау.
Кабельдің жібі қанша үлкен болса, сонша ара қашықты сигнал игеруге қабілетті. Яғни, жуан коаксиалды кабель жіңішкелерден гөрі сигналды алысқа бере алады,  500-м дейін,  сондықтан кейде жуан коаксиалды кабельді магистрал ретінде пайдаланады. (Сурет №3)
 
Сурет №3. Жуан коаксиалды кабель
 
         Екі типті коаксиалды кабелді салыстыру
 
Кабель қанша жуан болса, онымен жұмыс істеу соншама қиын болатыны заңдылық. Жіңішке коаксиалды кабель иілгіш, орнатуы да қарапайым және қымбат емес. Жуан кабельді иіу қиын және осыған сәйкес оны орнату да қиындау. Жуан каоксиалды кабель жіңішке кабельден қымбатырақ, бірақ ол сигналдарды алыс қашықтыққа береді.
             
  Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық
Жіңішке каоксиалды кабельдерді компьютерлерге қосу үшін BNC-коннектор қолданылады. Бұл  конекторларының бірнеше түрлері бар:
3.     BNC-коннектор. BNC-коннектор кабель соңында қысылады.
4.     BNC Т-коннектор. Т-коннектор желілік кабель мен комьютердің желілік платасын қосады.(сурет №4)
                                                                              
 
     ВNC- конектор                                           ВNC Т - конектор
№4 сурет. Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық
 
Экрандалмаған кабель
Экрандалмаған кабельдер қазіргі таңда   кең қолданылатын кабельдің түрі, максималды ұзындығы 100 м  құрайды. Бұл кабельдер әсіресе ғимараттардың ішкі бөлігінде тартылатын кабельдің түрі(сурет№ 5).
            
Сурет №5. Экрандалмаған кабель
 
Экрандалған кабель
Экрандалған кабельдердің  ішкі бөлігінде мыс орауы бар, сонымен қатар өткізгіштер жұбы фольгамен оралған. Экрандалған кабельдер  берілетін мәліметтерді сыртқы бөгеуілдерден қорғайтын тамаша оқшаулауыштарға иеленеді. Бұл кабельдер көбіне ғимараттардың сыртқы бөлігінде және бір ғимарат пен екінші ғимараттарды қосуға өте ыңғайлы (сурет№6).
   
Сурет 6. Экрандалған кабель
 
Кабель жүйесінің компоненттері
      Қосқыштар (connectors). Конекторлардың ең көп таралған мынадай түрлері бар,  олар RJ -11, RJ-12, RJ-45.  Экрандалған және экрандалмаған кабельдерді компьютерге қосу үшін  RJ-45 коннекторлары пайдаланылады, олардың сегіз қатынасы бар, ал RJ-11, RJ-12 конекторлары телефон желілері үшін пайдаланылатын түрі. RJ конекторларының толық аталуы  Registered Jac - қабылдау ұясы деген мағына береді (сурет 7).
 
Сурет 7. RJ-45 конекторы
 
Оптикалық талшықты кабель.
Оптикалық талшықты кабель қымбатырақ, олар шыныталшықты кабель деп те аталады. Олар арқылы мәліметтердің таратылу жылдамдығы секундына бірнеше гигабитке жетеді. Мәліметтерді жіберу мүмкіндігі 50 км. астам. Бөгеуілдердің сыртқы әсері жоқ деуге болады. Қазіргі уақытта бұл жергілікті желіге қосылу үшін ең қымбат тұратын кабель түрі. Оптикалық талшықты сызықтар үлкен көлемді мәліметтердің өте жоғары жылдамдықта жылжуына арналған, өйткені олардағы сигналдар өшпейді және бүлінбейді. Оптикалық талшықты кабельді пластикадан жасайды.
Әрбір шыны оптикалық талшық сигналдарды тек бір бағытта береді, сондықтан кабель жеке коннекторлары бар екі талшықтан тұрады. Олардың біреуі беру үшін, ал басқасы – қабылдау үшін қызмет етеді.
Егер мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен үлкен ара қашықтарға және сенімді орта бойынша жөнелту жоспарланып отырса, оптикалық талшықты кабельді пайдалану керек (сурет №8).
 
№8сурет. Оптикалық талшықты кабель
 
2. Концентратор (НUB), Желілік адаптерлер немесе желілік карта, Маршруттауыш (Router), IP-адрестеу.
 
Концентратор (НUB)
   Қазіргі уақытта желілердің  стандартты компоненттерінің бірі болып концентратор табылады. Концентраторлар арасында aктивті (active) және пaccивті (passive) деген екі түрі бар. Кoнцeнтpaтopлар бұл басқарылмайтын құрылғы болып табылады, ол тек сигналды реттейді және тасымалдайды. Кей уақытта оларды көп порттық репититор деп атайды – оларда компьютер қосылуы үшін 8 ден 12 дейін порт бар. Бұл құрылғы кез-келген топологиялардың түрімен жұмыс атақара алады. Егер 1-ші компьютерде отырып 5-ші компьютерге кандайда бір ақпарат жіберу керек болса, онда бұл құрылғының жұмыс істеу қарқыны өте баяу болады, өйткені ол ортадағы барлық компьютерлерге  ақпаратты жеткізіп барып, соңында ғана сол компьютерге ақпарат жеткізеді(сурет№ 9).
 
Сурет№9 Концентратор (НUB)
 
Желілік адаптерлер немесе желілік карта.
 
  Желілік адаптер немесе желілік карта – компьютерлер мен желілік кабельдер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін құрылғы. Қазіргі кезде,  дербес компьютерлерде желілік карталар ыңғайлы және арзан болу үшін аналық платаға айналдырылған, яғни аналық тақшамен бірге жасалып шығады. Конструкциясы бойынша желілік карталар:
-         Ішкіге PCI-ға салынатын жеке платалар (сурет№10).
-         Сыртқы, ноутбуктерде қолданылатын USB арқылы қосылатын платалар болып бөлінеді (сурет№11).
 
Сурет№ 10 Желілік адаптерлер немесе желілік карта
 
 
 
Сурет № 11. Ноутбуктерде қолданылатын USB платалар
 
Маршруттауыш (Router).
Маршруттауыш (Router)— бірнеше арналармен қатар жұмыс істеп, келіп түскен кезектегі мәліметтер блогын (пакетті) солардың біріне жөнелтетін құрылғы. Маршруттауыш келіп түскен пакеттің тақырыбында жазылған адреске сәйкес бір арнаны таңдап алады. Маршруттауыш әрбір пакет үшін, ол баруға тиіс адреске баратын жолды жеке таңдайды. Бұл құрылғы басқарылатын құрылғы болып табылады, яғни оның өзінің жеке программасы бар.(сурет№12). Біз сол драйверді орнату арқылы роутерді басқара аламыз
 
Сурет №12.Роутер
 
 IP-адрестеу
Интернетке қосылған әрбір ЭЕМ-нің өзіндік қайталанбас физикалық адресі болады. (IP-адресі). IP (Internet protocol) - желідегі пакеттерді адрестеу хаттамасы.
Адрес нүктемен бөлінген 4 ондық саннан тұрады, олардың әрқайсысы - 0 мен 255 санының арасындағы кез келген сан. Желідегі компьютерді осы сандарға қарап анықтайды. Мысалы:
          194.84.93.29    немесе    128.29.15.124
   Осылай адрестеу жүйесі  2564» 4,3 миллиард компьютер адресін анықтай алады(сурет№13).
Сурет№13. IP-адрестеу
 
                          3.Желілік  топологиялар
 
Компьютерлерді бір-бірімен қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде.  Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.
Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина және шина.
          1. Егер компьютерлер бір кабельдің бойында қосылып тұрса мұндай топология шина деп аталады. Шиналық топология – ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады.  Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші 1-ші компьютерден,  басқа барлық компьютерлердің адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген компьютер ғана кабылдай алады (сурет№14).
сурет№14.Шина топологиясы.
 
2.  Сақина топологиясы дегеніміз- барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады. Сақина тәрізді топология бұл да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта ғана айналыста болады және әрбір компьютер мәліметті қабылдап алып ары қарай жөнелтіп отырады. Желінің компьютерлер арасындағы бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмыс істемей  қалады (сурет № 15).
 
Сурет №15. Сақина топологиясы
 
3. Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған желілік концентратор (HUB) болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді(сурет №16)
сурет №16. Жұлдыз тәрізді топология
 
 
Тәжірибелік жұмыс №1
Берілген кабельдерді  RJ-45 коннекторлары мен  тікелей байланыстыру.
Тәжірибелік жұмыс №2
 
IP –адрес жазып үйрену.
 
Тәжірибелік жұмыс №3
 
Құжатқа общий доступ беру.
 
V.  Жаңа  тақырыпты  пысықтау: Жоспар бойынша берілген сұрақтарды пысықтап, өткен тақырыппен байланыстырып сұрақтарға жауап беру.
VI. Білімгердің білімін бағалау.
VII. Үй тапсырмасы:  Жаңа сабақты оқып келу.
Ctrl
Enter
Заметили ошЫбку
Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter

Написать комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.